KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Отты пайдаланғанда салғырттық танытпайық

14.05.2012, 18:00 117


Бесқарағай ауданы Семияр бау-бақша қоғамында өрт 50 гектар алқапты жалмаған. Қазір өрт себебін анықтау үшін тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Болжамдардың бірі – отты қолданғанда салғырттық таныту. Қызыл жалын дер кезінде өшірілді, бірақ айыптылар мен шығындар анықталып жатыр.

Күннің көзі жылынғалы бері облыста жалпы ауданы 174 гектар аумақты қамтитын 4 дала өрті және 822 гектар ауданда 42 жану оқиғасы тіркелген.

Мамандардың пікірінше, тілсіз жаудың шығуына отты абайсыз қолдану жиі себеп болады екен. Дала өрттері көбінесе бау-бақшаларда, орман шар-уашылығында және ашық алаңдарда туындайды.

Өрт сөндірушілер облыс тұрғындарын табиғат аясында демалыс өткізген-де және саяжай учаскелерінде жұмыс істегенде абай болуларын сұрайды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив