KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Үржарда тарихи-өлкетану мұражайы ашылады

10.05.2012, 18:00 205


Жуықта Үржарда келушілерге тарихи-өлкетану мұражайы есігін айқара ашпақ. Көлемі 413 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимарат үйі бүгінде күрделі жөндеуден өтіп, іші-сырты сыңғырлап дайын тұр.

Енді мұнда ел қолындағы көнеден қалған мұраларды, естелік заттар мен өткен күндерден сыр шертетін әр қилы дүниелерді жинау және оны сараптап-талдап, арнайы бөлмеге орналастыру жұмысы ғана қалып тұр. «Өткенін білмегеннің – болашағы бұлыңғыр» дейді халық даналығы. Бұл мұражай ауданымыздың өткені мен қазіргісін сабақтастырып тұратын, жасөспірімдерді туған елінің тарихы және дәстүрімен таныстыратын ғибраты мол орын болмақ. Мұражай ғимаратын «Терме ОСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеуден өткізген. Қазір аудан орталығындағы «Батырлар аллеясы» мен «Мәдени саябақ» та нағыз үлгілі орындардың бірі деп айтуға болады.

Аудан әкімі Бауыржан Жанақов мұражайға қолғабыс береді-ау деген азаматтарды жинап, кеңес өткізді. Онда бөлмелерді қалай безендіру, қай бөлмеге нендей затты орналастыру, оларды қалай атау керектігі талқыға салынды. Мұражайда Үржар өлкесінен шыққан белгілі тарихи тұлғалардан бөлек, Ұлы Отан соғысы мен ашаршылық жылдары көз жұмғандардың, «халық жауы» атанып, жазықсыздан жазықсыз атылып кеткендердің есімдері тізімделіп, суреттері қойылмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив