KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

«Мұражайдағы түн» қызығы 18-мамырда басталады

14.05.2013, 18:00 207


Шығыс Қазақстанда халықаралық мұражай күніне орай дәстүрлі «Мұражайдағы түн» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйеніп.

«Мұражайдағы түн» шарасының аясында облыстағы бірнеше мұражайда ( облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғат-ландшафты мұражай-қорығы, облыстық Невзоровтар отбасы атындағы көркемөнер мұражайы, Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы) келушілер үшін арнайы бағдарламалар әзірленіп жатыр.

«18 мамырда мұражайлар 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Бағдарламада ескі билер балы, театрландырылған көріністер, отты думан, байкерлер парады мен көлеңкелер шоуы, флеш-мобтар бар. Сонымен қатар түнгі кинозал жұмыс істейді, спектакльдер қойылады», - деп атап өтті облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив