KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

«Яссауитану» байқауынан олжамен оралды

9.05.2012, 18:00 172


Түркістандағы «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ұйымдас-тыруымен өткен «Яссауитану» республикалық байқауына облыс атынан қатысқан Мамай ауылы Амангелді орта мектебінің оқушысы Е.Мекешева үздік ондықтың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еліміздің әр түкпірінен тоқсанға жуық үміткер бақ сынаған байқау үш бөлімнен тұрды.

Атап айтсақ, Яссауи хикметтерін жатқа айту, ол өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайлар, тарихта аттары алтын әріптермен жазылған қазақтың хандары мен би-сұлтандары туралы сұрақтарға жауап беру. Осының бәрінен сүрінбей өткен жерлесіміз арнайы дипломмен және ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив