KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Анасын өлтіріп, аулаға көміп тастаған

6.05.2012, 18:00 109


Өскеменде жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында із-түзсіз жоғалған азаматша С.-ға қатысты ауыр қылмысты ашты.

Жоғалған әйел бір ай көлемінде іздеуде болған. Оның жоғалғандығы туралы полицияға қызы Ирина хабарлаған. Ары қарайғы іздестіру барысында полиция қызметкерлері жан түршігерлік сұмдық қылмыстың бетін ашты. 53 жастағы әйелді өз қызы өлтірген болып шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Полицейлерді тергеуден жаңылдыру мақсатында Ирина анасының ішімдікке салынып үйден жиі кететіндігін айтты. Полиция қызметкерлері бір гәптің бар екендігін сезсе де, әйел мәйітінің өз үйінде көмілгендігін күтпеген еді.

Өлген азаматшаның қызы Ирина танысымен бірге тұрып жатқан. Олар жиі ішімдікке салынып, жиі ұрыс-керіс шығарып отыратын сәтсіз отбасылардың бірі болатын. Екі жыл бұрын бұл екі жастың сәбилері де дүниеге келген. Қызы болса жас сәбиін анасына жиі тастап, өзі жігітімен ішкілікке салынатын.

Сол бір жантүршігерлік оқиға болатын күні қызы анасының үйіне келеді. Ішкілікке тойып алған Ирина анасы екеуінің арасындағы қарым-қатынасты талқылай бастайды, аузынан ақ-ит кіріп, көк ит шыққан ол анасынан ішімдікті талап етеді. Қызының талабын орындаған анасы өзі де қоса ортақтасады, екеуі татуласқандай да болады. Бір кезде ащы судың буына масайған екеуінің арасында тағы да кикілжің басталады.

Қызы жалма-жан үстелдің үстінде жатқан пышақты ала салып анасының арқасына және мойнына пышақ салады. Үйден қашып шықпақшы болған анасы, әлсіреп жерге құлайды. Пышақты тастай сап қолына балта алған қызы көзі қанталап анасын балтамен соққыға жығады.

Сол кезде үйге қыздың бірге тұрып жатқан жігіті кіреді. Жігітіне болған жайтты айтқан қыз мәйіттің көзін құрту керектігін айтады. Сөйтіп екеуі «аналарының мәйітін көмір сақтайтын орынға көміп тастайық» деп шешеді. Олар қазылған шұңқырдың бетін құммен жауып, бетіне ағаштармен жабады. Істі аяқтаған екеуі үйге кіріп, ішімдікке бас қояды. Ал өз қызының қанды қолынан қаза тапқан анасы бір айдай іздеуде болады.

Бүгінде Иринаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив