KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Шетелдік тәжірибеден үйренеріміз көп

3.05.2012, 18:00 128


Ежелден мал өсіріп, өнімін кәдесіне жарата білген халқымыз оның тұқымын да асылдандыра білген. Әйтпесе, қазақ даласының қатал табиғатына бейімделген, бағып-қаққанға қолайлы қылшық жүнді құйрықты қара қойымыз бен қуса жетіп, қашса құтылатын қыл құйрықты жылқыларымыз, көшкенде жүгін артатын атан түйелеріміз қайдан келіпті. Ал аузын аққа жарытқан сиыр малының да жөні бір бөлек. Қазақ баласы төрт түлік мал өсіре отырып оның өнімдерін түгел өңдеп, қажетіне жарата білгені де жеке әңгіменің өзегі.

Алайда уақыт өтіп, заман өзгеріп, басқа құндылықтар алға шыққан уақытта мал өсіруге де қойылар талап артып, өнімдеріне деген қажеттілік еселей өсе түсіп отыр. Бүкіл әлем мойындап, соның заңымен өмір сүріп жатқан нарықтық экономика кезінде кешегі қажеттілігіміз бүгінге өлшем болудан қалды. Енді алдыға саннан бұрын сапа шығып, аз күш жұмсап, көп әрі сапалы өнім ала білсек қана көшке ілесе алатынымыз анық болып отыр. Осы орайда мал тұқымын асылдандырудың алар орны тағы да еселей түседі.
– Ол үшін алдымен әлемдік тәжірибелерге ден қойып, төрткүл дүниенің әр бұрышындағы ең етті, сүтті, табиғатымызға төзімді, тез бейімделе алатын, бағып-қа-ғуға қолайлы мал тұқымда-рын әкеліп, өсіре білуіміз керек, – дейді осы орайда Ауылшаруашылығы министр-лігі агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы-ның бастығы Асқар Жақып-баев. – Мәселен, таяуда Ақмола облысында болған көр-меде канадалық сиырдың етті «Ангус» тұқымының екі айлық бұзауының салмағы 122 келі болатынын білдік. Міне, нағыз етті мал дегеніміз осы.
Мал мамандары қазір асыл тұқымды мал өсірудің әлемдік, оның ішінде ет өндіру бойынша АҚШ, Канада, Аргентина мен Бразилия елдеріндегі тәжірибелерді терең зерттей келіп, оның аса қарапайым әрі жеңіл жол екеніне көзі жетіпті. Мәселен, Канадада «бір бұқа – жарты отар мал» дегенге келетін мақал бар екен. Яғни, олар 30 бас малға бір бұқадан ұстайды. Және оларды екі жылда айырбастап отырады. Ал асыл тұқымды бұқа өсіретін арнайы шаруашылықтары бөлек. Сол арқылы оны басқа шаруашылықтарға таратып отырады. Жалпы, жоғарыда аталған алыс шетелдердегі тә-жірибелерден үйренеріміз өте көп екен. Ал екінші жағынан алғанда ол ежелгі қазақтың тұқым сұрыптау әдісіне өте ұқсас деуге болады.
– Мал тұқымын асылдандыру үшін шетелде қолдан ұрықтандыру деген болмайды. Оны алдау деп есептейді. Олар тек асыл тұқымды бұқалар арқылы ғана осы жұмысты жолға қойған, – дейді осы орайда Асқар Шәкенұлы.

Жаппай асылдандыруға қолымыз жетуі тиіс

Осы тәжірибені елімізде кеңінен пайдалануға болады. Қазір облысымызда ірі қара малын өсіретін 70 шаруашылық болса, оның 46-сы – ет бағытында. Олардың еркек малдары көбінде етке өткізіліп жүр. Шаруашылықтар осы үшін субсидия да алды. Ал шын мәнінде бәрі керісінше болуы керек болатын. Қазір асылдандыруға арналған арнайы бағдарлама бар. Ол бойынша кез келген тұқымнан 30 бас аналық мал және оған қоса асыл тұқымды бір бұқа сатып алуы керек. Одан соң арнайы компьютерлік базаға еніп, тіркеліп субсидия арқылы шыққан шығыныңыздың жартысына жуығын қайтарып алуыңызға болады. Бұл мал өнімділігін арттыру, малдың сапасын арттырудың, яғни асылдандырудың баршаға бірдей қолжетімді, ең арзан әрі төте жолы болмақ. Шағын несиені «Сыбағадан» басқа «Қазақ несие серіктестігі», «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» сияқты орталықтардан да алуға болады. Ал ірі жобалар үшін «Казагрофинанс» қомақты қаржы береді. Оның бір бөлігін субсидия арқылы қайтарып алуға болады. Ал несие үшін кепілдікке ауылдағы үйден бастап техника, жерді немесе басқа кез келген жылжымайтын мүлікті қоясыз.
Одан басқа да артықшылық-тары жетерлік. Шаруашылық-тар үшін аса қарапайым әрі тиімді бағдарлама болғандық-тан оған еліміздің басқа өңір-лерінде қызығушылық аса жо-
ғары. Алайда облыс аума-ғында ол әзірге тарала алмай отырған көрінеді. Ең бастысы бұл бағдарламаға кез келген аздаған малы бар шаруа адамы қатыса алады. Оның үстіне мал негізінен жайылымдықта бағылатын болғандықтан шаруа адамына арзанға түспек.
– Қазір облысымыздағы шаруашылықтарда 498 бас асыл тұқымды еркек мал бар. Ал аумақтық инспекция облыста кемі отыз бастан малы бар 123 шаруашылықпен мал тұқымын асылдандыру жөнін-де келісімшарт жасасып отыр. Сондықтан олар жоғарыда аталған шаруашылықтардан еркек малды тез арада сатып алғандары жөн. Әйтпесе кеш болады. Біз онсыз да бір жыл уақытымызды жоғалттық, – дейді Асқар Шәкенұлы.

Бордақылау алаңдары көптеп салынғаны жөн


Жалпы облысқа жоспар бойынша 2010–2015 жылдары шетелдік асыл тұқымды 9300 бас мал әкелінуі керек. Қазірдің өзінде ет бағытындағы шетелдік 595 аналық ірі қара малы жеткізілді. Оның ішінде мәселен, Үржар ауданындағы «Алғабас» шаруа қожалығы Франциядан өткен жылы «Шароле» тұқымды 227 мал, оның ішінде алты бұқа сатып алды. Ал көршілес Ресейден Бородулиха ауданындағы «Лазарев и К» қожалығы 215 қазақтың ақбас сиырын, «Сахновское» қожалығы 201 мал, Бесқарағай ауданы Ресейден 94 қызыл қасқа сүтті сиыр алды.
Өнімді мал өсіру үшін мал бордақылау алаңдарын салудың да маңызы зор. Ол үшін ең бірінші кезекте кемі мың бас сыятын алаң керек. Бұл жердегі басты стратегия генетика, селекция болуы тиіс. Яғни, алыс шетелдің «Ангус», «Герефорд» сияқты малдары керек. Олар біздің климатқа жақсы бейімделеді. Одан соң бордақылау алаңдары шаруа қожалықтарына жақын жерде салынғаны жөн. Егер әр ауданда екі-үштен бордақылау алаңдары болса, шаруа қожалықтары малдарын соған өткізу арқылы сапалы мал өсіруге кең жол ашылмақ. Оның үстіне осы жерде ауылдар өсіп, әлеуметтік инфрақұ-рылымдар дами түспек.
– Аргентина мен Бразилия осы жолдан ширек ғасыр ішінде өтіп, осы күнгі жетістіктеріне жетіп отыр. Сондықтан да біздің еліміз үшін де ол қол жетпейтін жетістік емес, – дейді Асқар Жақыпбаев. – Сондықтан мемлекет тарапынан беріліп отырған осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалана білгеніміз жөн. Осы мақсатта ең алдымен шаруа адамдары арасында түсіндіру, насихат жұмыстарын да өрістетпекпіз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив