KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

Ақшилік оқушы Халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

20.02.2018, 03:45 163

Ауданның білім саласында өзінің біліктілігімен, дарынымен республикалық, халықаралық сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан жас өркендер аз емес. Биыл солардың қатарына тағы бір жас талант келіп қосылды. Ақши орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қаукен Нұркен аталмыш оқу орнының үздік оқушысы. Ол жыл сайын өткізілетін аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен семинарлардың жеңімпазы болып келе жатқан жас.


Таяуда Ақши орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қаукен Нұркен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық «Science Travel» жобасына қатысып, «Ленинград Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты жобаны қорғап, Халықаралық сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, тарих пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, III дәрежелі Дипломға ие болды.


- Ақши орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қаукен Нұркеннің бұл жеңісі тек оның ғана емес, жалпы осындағы ұстаздардың қол жеткізген табысы деуге болады,-дейді тарих пәнінің мұғалімі  Қ.Оразбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив