KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тұрақтылықтың тұғыры биіктей береді

1.05.2012, 18:00 180


Нұрлан АБДУЛЛИН, әнші:

– Көпұлтты еліміз үшін бейбітшіліктің маңызы жоғары. Бүгінгі осындай күнге жетіп отырғанымыз, меніңше, мемлекеттегі тұрақтылықтың, береке-бірліктің жемісі.

Өзіміз күнде теледи-дардан көріп жүрміз, алыс-жақын шетелдерде небір сұмдық оқиғалар болып, қарапайым халық аласапыран күйде өмір сүруде. Ондай қоғамда ешқашан даму, ілгері басушылық болмайды. Ендеше, біз ел ішіндегі тұрақтылыққа, тыныштыққа тәубе деуіміз керек. Мынау Бірлік күнінің басты мақсаты да сол ғой деп ойлаймын. Ал енді бүгінгі Өскеменде өтіп жатқан мерекелік іс-шараларға келер болсақ, өте жақсы. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Көп жерлерді аралап, көптеген өңірлерде болып жүрсем де Шығыстың өзіндік ерекше-лігі бар. Бұл аймақтың жұрты мәдениеттілігімен, сауықшылдығымен, өнерді бағалай білуімен дараланады. Сондықтан Шығыстың халқына мереке құтты болсын, береке-бірліктеріңіз арта берсін демекпін. Еліміздегі тұрақтылықтың тұғыры биіктей берсін.

Алмас ҚАЙРАТҰЛЫ, кәсіпкер:

– Қазақстан халқының бірлігі күні ынтымақта тұрмыс кешіп жатқан ел үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің паш етілер, дәріптелер мейрамы деп түсінемін. Жалпы, біздің қазақ қашан-нан да бауырмал, қонақжай халық қой. Тарихтан білеміз, әр кезеңдерде қа-зақ даласынан пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін қанатымыздың астына алып, төрімізден орын бердік. Сөйтіп, тұнығы лайланбаған қазақ жері көпұлтты мемлекетке айналды. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл тұрақтылық одан әрі нығайып, тамыры тереңдей түсті. Қазір қарап отырсақ, елімізде жүз отыздай ұлт өкілдері бар екен, олардың бәрі бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Барша шығысқазақстандықтарды достық және бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Лео ШИК, Қазақстан халқы Ас-самблеясының мүшесі:

– Бірінші мамыр – барша қазақстандықтар үшін ұлы мереке. Ма-мыражай мамыр айымен бірге жететін бұл күн Елбасымыз атап көрсеткендей, еліміздегі ең басты мейрамдардың бірі болып табылады. Тілі басқа болғанымен тілегі бір жүзден астам ұлт өкілдерінің Отанына айналған мемлекетіміздегі этносаралық, конфессияаралық татулық пен келісімді одан ары нығайта түсу бағытында атқарылып жатқан игі жұмыстар жемісті болғай.
Қазіргі уақытта дүниежүзінінің халқы Қазақстандағы қаймағы бұ-зылмаған татулықты, тұрақтылықты үлгі тұтады, қызыға да, қызғана да қарайды. Біз мұны мақтан етеміз. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түспесін, бір-бірімізге деген құрметіміз ортаймасын деп тілейік!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz






Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив