KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.25 485.18 4.96

Ұлттардың салт-дәстүрі айшықталды

29.04.2012, 18:00 174


Өңірімізде тұратын сан ұлт өкілдерінің ортақ мекеніне айналған Өскемендегі Достық үйінде «Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері» атты семинар болып өтті.

Оны семинар дегеннен гөрі тамаша көрме-концерт деуге де болатындай еді. Өйткені, шара барысында қазақтың, белорустың және әзербайжанның ұлттық дәстүрлері туралы танымдық баяндамалар жасалып, соңынан сол ұлттардың салтынан бірді-екілі көрініс көрсетілді. Семинардың мақсат-міндеті – жылдар бойы бауырласып, туыстай болып кеткен ұлттар арасындағы достық арқауын бекіте түсу, сол арқылы әр ұлттың ана тілі мен тарихына құрмет көрсету, сөйтіп, ауызбіршілікті нығайтуға кейінгі жастарды баулу екен.
Алдымен қаймана қазақтың жарысқазан, байғазы беру, бастаңғы жасау және басқа да салттары туралы ешкімді бейжай қалдырмайтын әңгіме өрбіткен облыстық мұсылман әйелдері бірлестігінің мүшесі Зейнеп Мәжікенова ұмытыла бастаған ұлттық дәстүрді бір жаңғыртқандай болды. Ал көптен бері ел алдына шығып, небір шаралардың сәні болып жүрген әжелер болса, сәбиге ат қою рәсімін көрсетіп, қуаныш соңын көпшілікке шашу шашумен аяқтады.
Ал белорус және әзербайжан халықтарының дәстүрлері турасында әдемі сөз саптаған Нина Прищепчик пен Севиндж Демерчиева өз өкілдерімен пасха және нәрестені қырқынан шығару рәсімін жасады. Әсіресе, белорустардың хормен орындаған әні жиналғандарды бір серпілткендей еді.
Үш ұлттың салты салтанат құрған шара соңында осынау игі істі ұйымдастырып, өткізген Достық үйінің әдіскер-маманы Айбарша Жұмаділова этномәдени бірлестіктің басшыларын арнайы грамотамен марапаттады.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив