KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шаштаразшыны сувенир ақшамен қатырған алаяқ

26.04.2012, 18:00 66


Зырян қаласындағы «Сударыня» сұлулық салонының шаштаразшы шебері полицияға арызбен жүгінді. Сөйтсе, ұятты ысырып қойған клиенті шашын әдемілеп қиғызып болғасын ақысына 100 доллар сувенир купюраны берген екен. Аңғал шаштараз оған 14 мың теңге қайтарып берген.

Абырой болғанда клиент кәнігі бұзақы емес, тек ескі танысы болып шықты. Полиция қызметкерлері еш қиындықсыз-ақ «Ф» есімді Малеевка ауылының тұрғынын бірден табады.
Алаяққа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы бойынша айып тағылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив