KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Қытайлық жаһанкез Лондон олимпиадасына велосипедпен жол тартты

24.04.2012, 18:00 126


Қытайлық жиһангез 9 мың шақырымды шайтан арбамен жүріп өтпек. Лондонға велосипедпен жол тартқан Үрімші тұрғыны бүгін Петропавлға табан тіреді.

Теріскейімізде ол осы айдың соңына дейін қонақтамақ. Өйткені ресейлік визасы 1-ші мамырдан бастап күшіне енеді. Үрімшіден бері 2600 шақырымды 24 күнде артқа тастаған Дон Дон өзімен тек киім-кешек, фотоаппарат пен ноутбук алып жүр. Жиһангезге әсіресе Бурабай аумағының табиғаты қатты ұнаған. Көкшетаулық бір отбасы оны бірнеше күн бойы өз қонақ үйлерінде тегін тұрғызып, қазақтың қонақжайлығын көрсетіпті. Болған жерінің тарихына қызығушылық білдіріп жүретін ол Петропавлдағы Абылай хан мұражайына да бас сұқты. Бірақ, 25 жастағы қытай жігіттің басты мақсаты саяхат емес, алдағы Лондон олимпиадасына дер кезінде жетіп, өз елінің спортшыларына қолдау көрсету екен.

Дон Дон, қытайлық жиһангез:

- 4 жыл бұрын Бейжің олимпиадасына француз жанкүйерлерінің велосипедпен келгенін көріп едім. Өз командасын қолдау үшін француздар бастарын осындай қатерге тігіпті. Менің де солардың ерлігін қайталағым келді. Сөйтіп өз елімнің құрамасын қолдауға шықтым. Қолымда олимпиаданың барлық ойындарына кіретін билетім де бар.

Мәлiметтiң көзi: ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив