KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

40 мың шақырымды 600 күннің ішінде жүріп өтпекші

13.06.2017, 18:00 132




Грузияның астанасы Тбилисиден сапарын бастаған жиһангез Нодар Беридзе Ресейдің бірнеше елді мекенін аралап, Өскеменге жетті. «Ендігі беталысым Астана шаһары», дейді ол баспасөз өкілдерімен өткен кездесуде.


– Ресейдің қиыр шығысындағы бірнеше қала мен бірқатар елді мекенді басып өттім. Қазіргі мақсатым – Қазақстан арқылы Мәскеуге жету. Одан ары Беларуссия, Украина, Португалия, Германия, Испания Түркия сынды ұзын саны 30 мемлекетке ат шалдырмақпын. Әлбетте, бәрі де жоспар бойынша. 600 күннің айналасында 40 мыңнан астам шақырымды артқа тастап, еліме 2018 жылы 26 мамырда ораламын. Бұл азаттық алғанына 100 толатын гүржі халқының мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келеді, – дейді жиһангез.

Бір айта кетерлігі, Нодар Беридзе кәсіби велошабондоз емес. Ол әуелде Гиннестің рекорттар кітабын 14 мәрте жаңартқан саяхатшы Джумбера Лежаваның менеджері болған екен. Өз тілінде айтар болсақ, «бардан ауысып, балдан жұғысып» әрі «тәуекелді тізгіндеп» кейіннен жер-жиһанды шарлауға шешім қабылдаған. Мінеки, сол шешімге келгелі бері де шабандозымыз Қазақстанға екі мәрте ат ізін салып үлгеріпті. Былтыр Алматыға саяхаттаған екен.
– Саяхат барысында қазақ халқының дастарханынан талай дәм таттым. Маған бұл елдің қонақжайлығы былтырдан бері таныс, – дейді шабандоз.

Жиһангез өткен жылы, нақтырақ айтқанда, 2016 жылғы қазан айының 17 жұлдызында велосипедіне қонған екен. Содан бергі алты ай бойы жоспарланған жолдың төрттен бір бөлігін басып өткен.

Тасқын Болатұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив