KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Ольга Рыпакова ШҚО басшылығынан 50 мың доллар алады

7.08.2012, 18:00 152


Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға Шығыс Қазақстан облысының басшылығы 50 мың АҚШ долларын береді. Шығысқазақстандық спортшыларды көтермелеу туралы аймақ басшысы Лондон Олимпиадасына дейін осылайша уәде еткен-ді.

«Спортшылар Лондон Олимпиадасына жол жүрмей тұрып, бірінші орыннан алтыншы орынға дейін үздік нәтиже көрсеткен жағдайда олимпиадашыларға сыйақы беру мәселесі шешілді. Алтын медаль үшін – 50 мың АҚШ доллары. Жер шарының ең басты спорттық жарыстарына өңірден 7 спортшы аттанды. Оларды осындай жолмен ынталандыруға шешім қабылданған еді. Ольга алтын медаль жеңіп алды, уәде етілгендей ол облыс әкімдігінен сыйақы алады», - деді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив