KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тоғызқұмалақтан топ жарып жүр

24.04.2012, 18:00 214


Донское ауылында орналасқан Т.Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, математикалық есептеу қабілеттерін, логикалық ойын дамыту мақсатында тоғызқұмалақ үйірмесі жұмыс істейді.

Аптасына үш рет өткізілетін үйірмеге жетекшілік ету жас маман Н.Турашеваға жүктелген. Үйірмеге 1–6 сыныпқа дейінгі оқушылар қатысады. Әсіресе, бас-тауыш сынып оқушыларының қызығушылығы зор.
Мәселен, 4 «а» сынып оқушылары Мейірбан Бейсенбек, Дильназ Мәуітхан және 1-сынып оқушысы Айдана Қабдырахман 10 – 14 жастағы балалар арасында тоғызқұмалақтан өткен облыстық чемпионатта жеңімпаздардың үздік ондығына енген.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив