KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Жарылыстың себеп-салдары анықталуда

22.04.2012, 18:00 178


19-сәуір күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөзде орналасқан 10-800-10 құрлық әскері әскери бөлімінде түнгі сағат 12-лер шамасында жарылыстың орын алғаны белгілі.

Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығының таратқан деректеріне сенсек, БМП-2 көлігінің алдыңғы жақ бөлігіндегі құрылғылардың бірінің жарылуы себебінен көлікте жұмыс істеп жатқан бірнеше жауынгер зардап шеккен. Атап айтсақ, 1984 жылы дүниеге келген механик-жүргізуші Дәурен Құлубаев, қатардағы жауынгерлер Геннадий Аллес, Асылжан Қапасов және Анатолий Москалев.
Ақпарат орталығының айтуынша, жарылыс кезінде алған ауыр жарақаттан Қарағанды облысынан әскер қатарына шақырылған Г.Аллес Аягөздегі госпитальда көз жұмған. Қалған зардап шегуші жауынгерлер түрлі жарақаттармен Аягөз әскери госпиталіне жеткізілген. Қазіргі уақытта жарылыстың себеп-салдары анықталуда. Оқиға орнында ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобының мамандары, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери полициясы және Аягөз гарнизонының прокуроры жұмыс істеуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив