KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Шығармашылық сапармен келді

17.04.2012, 18:00 137


Ағымдағы жылы Өскемендегі облыстық Достық үйінің бастамасымен ұйымдастырылған «Достық керуені» акциясы аясында Новосибирск қаласынан татар этномәдени орталығының «Ләйсән» эстрадалық ансамблі шығармашылық сапармен келді.

Ансамбльдің жетекшісі, Татарстанның мәдениет қайқаткері, композитор Рафик Авлияров Достық үйін 20 жылдығымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Мәдени шараға қала тұрғындары мен татар этномәдени бірлестігінің өкілдері жиналды. Концерт барысында тек татар әндері шырқалып, билері орындалды.

Әр халықтың өзінің тіліне, өнеріне деген махаббатты ерекше ғой, сол сияқты Новосібірден келген осы «Ләйсән» ансамблінің әншілері Татарстанның мәдениет қызметкері Роза Тихомированың және Рафик Авлияровтың, Вильмир Мухамадиевтың орындаған татар тіліндегі туған жер, махаббат, ана туралы әндері кешке келген татарлардың сағынышын басқандай болды.

Омскіден келген «Өмірзая» би ансамблінің бишілері Альбина Фахрутдинова мен Айрат Ахкамовтың татар халқының билерін нақышына келтіре тамаша орындады Екі жарым сағатқа созылған концерт соңында облыстық Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков «Ләйсән» ансамблінің ұжымына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, ұжым жетекшісіне алғыс хат табыстады. Келген көрермен қауым ансамбль мүшелеріне қошеметтерін көрсеттіп, гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын білдірді.

«Ләйсән» ансамблі бұдан кейін Көкпекті ауданына жол тартты.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив