KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Ертістің жағасында сабантой өтті

25.06.2018, 03:25 164

Семейдегі Ертіс жағалауында Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығының төрайымы, Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері, Камилия Исмаилованың жетекшілігімен Татар халқының ұлттық мерекесі кең ауқымда, облыстық деңгейде аталып өтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атаулы мерекеде татар халқының ән-жырлары  шырқалып, ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, даңқты спортшы Ром Ильматовтың айтуынша «Татарча куреш» ойынына қатысушылардың санында шек болмады.


Бесқарағай ауданынан арнайы келген Башкөлдік татар ағайындар ұлттық тағамдарынан дәм таттырды. Елді берекелі тірлікке бастайтын шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаевтар қатысты.


Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан жиналған қауымды құттықтап, арнайы марапаттарын табыс етті. Бесқарағай ауданында Достық үйінің жұмысын жандандырғаны үшін аудан әкімі Дәулет Батырбаев алғыс хатпен марапатталды.


Еңбек ардагері Рашида Хасанованың айтуынша, «Сабантой» - татар тілінде «жер өңдеу тойы» деген сөз екен, отбасылық мереке. Татар халқының жерді өңдеп, егін салатын көктем кезеңінің тойы. Егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын, ел тоқ болсын деген татар елінің арман-тілектері жинақталған. Мерекеде татар халқының ұлттық ойындары - татар күресі, арқан тарту және тағы да басқа көптеген спорттық ойындар ойналды. Сабантойға келгендер татар елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив