KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

16.04.2012, 18:00 165



Кеше ерікті халық жасақшылары штабында Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының бастығы Әділхан Уәлиев полиция қоғамдық көмекшілерінің белсенділерін ақшалай сыйақымен марапаттап, қызметтері үшін алғыс айтты.

--Сіздермен бірге атқарып отырған жұмыс бүгінгі күні өз нәтижесін беріп отыр. Олай дейтін себебім, еліміз бойынша басқа қалаларға қарағанда Өскемен қаласындағы қылмыстардың орын алу деңгейі төмендеп, ал керісінше қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылағаны анықталды.

Осыған орай, ШҚО ІІД бастығы Р. Жақыповтың бұйрығымен жұмыстарыңызда белсенділік танытқандарыңыз үшін ақшалай сыйақымен марапаттаймыз. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады – деді, полиция полковнигі Ә. Уәлиев.

Бұдан кейін жиналғандар алдында сөз алған ШҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырбек Аяғанов қоғамдық көмекшілер жұмысының белсенділігі үшін алғысын айта келіп, ЕХЖ отрядының командирі Александр Цыбулин мен штаб бастығы В. Калтыгинге Департамент басшыларының атынан берілген бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив