KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Жас офицерлер жұмысқа кірісті

19.04.2012, 18:00 139


Әр адам белгілі бір мамандық таңдар алдында, оған белгілі бір себебі болады. Біреуі бала кезінен армандаса, біреу ата жолын қуады. Сол сияқты жыл сайын полицияда қызмет атқарып, қызыл куәліктің иесі болуды армандайтын ұл-қыздарымыздың да қатары аз емес, деп хабарлады Altaynews.kz тілшісіне Өскемен қаласының ІІБ ақпарат бөлімінің қызметкері Гүлнұр Түсіпова.

Биылғы жылы Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасына 23 жас қызметкер қосылып, полиция лейтенанты атағына ие болды.

Өскемен қаласының «Восток» стадионында өткен полицейлік шеру барысында қатарға қосылған жас офицерлер Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер Департаментінің бастығы полиция полковнигі Р. Жақыповтың қолынан алғашқы куәліктері мен жұлдыздарын алып, Отанымен, қызметтеріне адал болуға ант қабылдады.

Он төртінші сәуір күні республикалық сенбілік кезінде бір топ жас офицерлерді бастаған Ардагерлер кеңесінің төрағасы З. Макрушина Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының алдына көшет отырғызды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органына 20 жыл толу қарсаңында келген жас қызметкерлер өздерінің полиция қатарына қосылып, азаматтардың құқығын қорғап, қаланың тыныштығын сақтауға әр қашанда дайын екендерін айтып жеткізді.

Көктемнің осынау керемет күнінде алдарында ашылған жаңа жолдарын, қазақтың жақсы ырымы көшет отырғызумен бастағандарына жас қызметкерлердің өздері де риза болғандай.

Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі Уәлиев Әділқан Құсметұлы полиция қатарын толтырған 23 офицерге Ар-Намысты жоғары ұстап, Ішкі істер органының беделін берік етіп, Отандарына адал қызмет етулеріне тілек білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив