KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-ның прокуратурасында кадрлық өзгерістер болды

16.04.2012, 18:00 224


- ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметіне Нұрлан Бижанов тағайындалды,- деп хабарланды прокуратураның баспасөз қызметінен.

Нұрлан Дәуренұлы Бижанов Қызылорда қаласында 1976 жылдың 20 желтоқсанында дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастады. Қызылорда облысының Арал және Жанақорған аудандарының прокуратураларында, Қызылорда және Жамбыл облыстық прокуратураларында жұмыс істеді.

2005 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың шілде айына дейін Қызылорда облысының Сырдария ауданында прокурор қызметін атқарды. 2007 жылдың шілде айы мен 2008 жылдың қараша айы аралығында Қызылорда қаласының прокуроры. 2008 жылдың қараша айынан Қызылорда облысы бойынша прокурордың орынбасары болып жұмыс жасады.

2010 жылдың қараша айынан ШҚО прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалмас бұрын ҚР Бас прокуратурасы Аппараты ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив