KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

21.02.2012, 18:00 214


Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің өкімімен Атырау қаласының әкімі қызметіне Асқар Керімов тағайындалды.

Асқар Абайұлы Керімов 1980 жылы дүниеге келген. Заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң Академиясын тәмамдаған. Асқар Керімов облыс әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-мобилизация жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі, облыс әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жетекшінің орынбасары лауазымын атқарды.

2008 жылдың қараша айынан бастап Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2009 жылдың қыркүйек айынан Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, кейін облыс әкімінің орынбасары болып қызмет жасады. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және ішкі саясат басқамасына жетекшілік еткен.

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мереке Ісмұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив