KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Күршім ауданына бүгін жаңа прокурор тағайындалды

7.06.2018, 11:17 372

Күршім аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мамырбек Қалелов,  Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Шабер Виталий Николаевич аудан активі алдында жаңадан тағайындалған Күршім ауданы прокурорын таныстырды, деп хабарлайды Күршімдегі Алтайньюс тілшісі.  


Бас прокурордың бұйрығымен Күршім ауданына тағайындалған Медіғатов Мақсат Медіғатұлы Абай ауданы Қарауыл ауылында 1978 жылы дүниеге келген. Прокуратурадағы еңбек жолы 2001 жылы басталып, облыстық, аудандық, Өскемен қаласы прокуратураларында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымдық міндеттерін, Аягөз, Үржар аудандары прокурорының орынбасары қызметін атқарған.


2014 жылдан бері Күршім аудандық прокуратура бастығы қызметін атқарған Тағаев Ерлан Алижанұлы Бас Прокурордың бұйрығымен Аягөз ауданы прокуроры лауазымдық қызметіне тағайындалды.


Жаңадан тағайындау алған прокурорларға облыстық өкіл В.Н.Шабер қызметтеріне сәттілік тіледі. М.Қалелов Е.Тағаевқа алғыс айтып, аудан әкімінің құттықтау Ашық хатын табыстады.


«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымова прокуратура қызметінің жауаптылығын, бірлесе атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив