KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Жұмыспен қамту-2020» іс жүзіне асырылуда

10.04.2012, 18:00 80



Бағдарлама аясында «Ертіс» ӘКК Курчатов қаласында тұрып жатқан қандастарымызға арнап жаңа жұмыс орындарын ашуда.Дәлірек айтсақ, жұмыссыз отырған жұрт үшін қаланың іргесінен 2200 гектар ауылшаруашылық жер телімін бөлді.

Бұл аумақта суармалы егіншілікті дамыту үшін алқапты суландыратын жүйе құру жоспарда бар. Жер телімдері жер игерумен айналысуға ниетті әрбір оралман отбасына бөлініп берілмек және ауылшаруашылық техникаларын сатып алу жағы да қарастырылған.

Келешекте «Ертіс» ӘКК қандастарымыздың өсіріп-баптаған ауылшаруашылық өнімдерін өткізу мақсатында облыстық тұрақтандыру қорына сатып алуды көздеп отыр. Бұдан бөлек корпорация басшылығы Курчатовта «Нұрлы көш» сервистік дайындау орталығын ашпақ.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив