KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Елбасының ұсынысымен Діни лидерлердің кеңесі құрылады

7.04.2012, 18:00 124



Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Сенатының төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезін әзірлеу мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Жиынды аша келе спикер Қ. Мәми, Елбасының бастамасымен өткен үш Съездің арқасында аймақта және әлемде бейбітшілік пен орнықтылық, өзара сыйластық пен келісім тамыр алып, түрлі дін өкілдерінің арасындағы диалогты өрістетуге қажетті платформа қаланғанын еске салып өтті. Сондықтан да, Съездің алға қойған мақсатының діттеген жерінен шығуының нәтижесінде халықаралық сахнада еліміздің беделі асқақтай түсті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы Съездің ерекшелігіне назар аудартқан Мемкомиссияның төрағасы Қ.Мәми: «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша III Съездің ұйғарымымен Діни лидерлердің кеңесі құрылмақ. Бұл Кеңес Съездің басқарушы органы болады және оның алғашқы отырысы IV Съездің пленарлық жиналысының алдында өтеді. Діни лидерлердің кеңесі Съездің көздеген мақсаттары мен мұраттарына жетуіне игі ықпал етпек»,-деп атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекеттік комиссияның отырысында алдағы төртінші діни форумның бағдарламасы талқыланды. Съезд сессияларындағы баяндамашылардың тізімін нақтылау, секциялық отырыстарды жоғары деңгейде өткізу, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету мәселелері қаралды. Жиынға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов және басқа да министрліктер мен мекемелердің басшылары қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы форумға әлемдік діни конфессиялар мен ұйымдардың, кейбір мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, белгілі саясаткерлер, өркениетаралық диалогты ілгерілету саласында еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Иордания королі Абдалла ІІ-ші, Катар мемлекетінің әмірі (Шейх Хамад Бен Халифа) Әл Тани, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл, Бүкіләлемдік ислам лигасының президенті (Шейх Абдалла Бен Әбдел Мұхсин) Әт-Түрки, ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова, Бүкіләлемдік лютеран федерациясының бас хатшысы Мартин Юнге, Сауд Арабиясы королінің өкілі, осы елдің Консультативті кеңесінің төрағасы Абдалла Әл Аш-Шейх, Әл-Азғардың бас имамы Шейх Ахмад Мухаммад Әт-Тайиб және басқа да белгілі тұлғалар бар.

http://inform.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив