KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Туған жерге қуаныш сыйлап кетті

6.04.2012, 18:00 158


Көкпекті аудандық әкімдігі мен «ETG INVEST Hollding» бизнес тобы арасындағы әлеуметтік әріптестік дәстүрге айналып отыр.
Көкпекті ауылына индустриялық-инновациялық «Елім-ай–Көкпекті» жобасын іске асыруды қолға алған осы бизнес топтың директорлар кеңесінің төрағасы Серік Уәлиев, бизнес топ мүшесі Серікбол Айтмолдин және жобаның жергілікті жердегі басшысы Болат Бекбердинов келді.

Мәдениет үйінде кездесуге жиналған ауыл тұрғындары шалғайда жүрсе де туған жерінің көркеюіне қомақты үлес қосып жүрген азаматтарды зор қошеметпен қарсы алды. Сөз алған аудан әкімі Д.Мусин:

– Туған жеріне тағзым етіп, ауданның болашағы үшін үлкен еңбек атқарып жүрген азаматтарға мың жерден мақтау айтсақ та артық болмас. Серік Нұрбекұлына тапсырылып отырған «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы және Алғыс хат, Серікбол Рымбекұлына Көкпекті ауданының 80 жылдық мерейтойына байланысты тапсырылып отырған мерейтойлық медаль көкпектіліктердің шынайы сүйіспеншілігі мен шексіз ризашылығын білдіреді, – деді.

Халқымыздың дәстүрі бойынша олардың иығына шапан жабылып, «Толағай сазы» ансамблі мен «Іңкәрім-ай» тобының әншілері ән мен жырдан шашу шашты.

Аудан көлемінде жүзеге асырылғалы отырған үдемелі индустриялды-инновация-лық даму бағдарламасы жобасының басшысы С.Уәлиев Самар аймағына да ат басын бұрды. Серік Нұрбекұлы Көкжота ауылында көкпаршылар ойынына тәнті болғаны соншалық, «Дархан» ат спорты клубына арғымақ сыйлап, клуб қоржынына жарты миллион теңге қаржы бөлуге уәде берді. Көкпаршылар ойынына 30 мың теңге бөліп кетті.

Сапарын Самарда жалғастырған кәсіпкерді Самар ауылының белсенділері, «Асыл қазына» әжелердің фольклорлық-этнографиялық клуб мүшелері, ауыл тұрғындары қарсы алды. Дәм-тұз бен шашудан кейін ауыл молдасы Қ.Әжіқанов Серік Нұрбекұлына ақ батасын берді.

МӘЛІМЕТ КӨЗІ ALTAYNEWS




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив