KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

ШҚО ветеринария басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

19.04.2018, 13:55 271

Жаңа басшыны ұжымға ШҚО әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков таныстырды. Аймақ басшысының өкімімен аталған қызметке Сағандықов Рамиль Нығметчанұлы тағайындалды. Айта кету керек, бұған дейін ол Көкпекті ауданы әкімі болған. 


 Рамиль Нығметчанұлы 1967 жылы наурыздың 26 күні Семей облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Ветеринар-дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдады.


Еңбек жолын 1991 жылы Көкпекті ауданындағы «Шегелек» совхозында №3 фермада мал дәрігері қызметінен бастады. Бірнеше жыл ішінде «Шегелек» ЖШС-нің бас мал дәрігері болды. 2000 жылдан «Шегелек LTD» ЖШС басқарды. 2010 жылдың тамызында Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы, кейін әкімі болып тағайындалды. 2011 жылы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, ал 2015 жылдан бастап Көкпекті ауданы әкімі лауазымында қызмет етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив