KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1 м/с, С
441.8 480.02 4.88

Мәжіліс депутаттары Қазақстан аймақтарына шығады

3.04.2012, 18:00 107


Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен Палата Бюросының отырысы өтті.

Онда Палата депутаттарының сәуір айының 5-і мен 14-і аралығында еліміздің барлық өңірлеріне іссапармен шығатыны туралы шешім қабылданды.

Парламентшілер алдында екі міндет тұр. Біріншісі - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары сайлаушыларға бесінші парламенттік шақырылым басталған сәттен бергі өздерінің заң шығарушылық қызметтері туралы айтып береді.

Сайлаушылармен жүздесу тек облыс орталықтарында ғана емес, шағын қалаларда, аудандарда, ауылдар мен алыс елді мекендерде де өткізіледі.

Өңірлерден оралған соң, азаматтардың өтініш-тілектерін, ұсыныстары мен ескертпелерін назарға ала отырып, Мәжіліс қабырғасында парламентшілердің заң шығарушылық қызметі қайтадан жалғасын табады.

Бесінші парламенттік шақырылымдағы депутаттық корпустың құрамында «Нұр Отан» ХДП, сондай-ақ «Ақ Жол» ҚДП, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бар.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив