KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, В
474.26 514.48 5.43

Депутаттар шағын қалалардың статусын ауыл дәрежесіне түсіруді ұсынды

21.09.2018, 09:58 126


ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары республика көлеміндегі шағын қалалардың статусын ауыл дәрежесіне түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Республикалық БАҚ-тардың мәліметіне сүйенсек, еліміздегі 12 шағын қала ғана өз статусына лайық. Қалған 29-ының кетеуі кетіп тұр. Айталық аталмыш шағын қалалардың көбінде тұрғындар саны 10 мың адамнан кем. Тиісінше азаматтарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жоқ. Ал мәжіліс депутаттарының ойынша, шағын қалалар елді мекен немесе ауыл дәрежесіне түссе, мал шаруашылығымен және өзге де кәсіппен кеңірек айналысуға мүмкіндік туады. Яғни жұмыссыздық мәселесі шешімін табады.


Ал ШҚО-да шағын қалалар қатарына  Шемонаиха және Шар кіреді. Бұл жерлерде тұрғындар саны орта есеппен жеті мыңға да жетпейді. Ендеше қалай болмақ? Мәжіліс депутаттарының ұсынысы қолдау таба, әзірге белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив