KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

Тюмень каласында жолаушылар ұшағы құлады

1.04.2012, 18:00 157


Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Тюмень түбінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ ішінде 39 жолаушы мен экипаждың екі мүшесі болған. Оқиға орнына құтқарушылар бара жатыр. «Апат орнына Ресей ТЖМ-нің Тюмень облысы бойынша Бас басқармасының барлық күштері жіберілді», - деп хабарлады Интерфаксқа Ресейдің ТЖМ-де.

ATR-72 ұшағы Тюмень әуежайында ұшып шығу кезінде құлағаны хабарланады. Әуе кемесі «Тюмень - Сургут» рейсі бойынша ұшып бара жатқан, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. Интерфакстың Тюменьдегі құқық қорғау органдарындағы дерек көзі ұшақтың Тюмень қаласынан 35 шақырым жерде құлағанын хабарлады.

«Ұшақ Сургутке ұшып бара жатқан еді, жергілікті уақыт бойынша сағат 5:33-те ұшқаннан кейін 2 минуттан соң ұшақпен байланыс жоғалды. Тюменьнен ұшқан келесі экипаж Сургутке қозғалыс бағыты бойынша аймақта өртеніп жатқан қалдықтардың бар екенін хабарлады», - деп хабарлайды агенттік.

Агенттік мәліметтері бойынша, апатқа ұшыраған ұшақ «ЮТэйр» әуекомпаниясының иелігінде. Бұдан басқа, жолаушылардың көп бөлігінің қаза тапқаны, алайда тірі қалған адамдардың да бар екендігі хабарланады.

ATR 72 ұшағы ATК француз-итальяндық концернімен шығарылады. Ол 78 жолаушы мен экипаждың екі мүшесіне есептелген.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив