KZ
Өскемен
+14°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

«Борат»-қа кеткен есені «Мың бала» қайтарады

30.03.2012, 18:00 167



Америкалық «Washington Times» газетінде таяуда «Қазақ киносы Бораттың бейнесін өшіруден үмітті» деген мақала жарияланды, деп жазады Нұр-Астана газеті.

Аталмыш мақалада Қазақстанда фильм түсірген неміс сценарисі әрі режиссері Файт Хелмердің пікірі беріліпті.
- Қазақстандық шәкірттеріме «Борат» фильмінде қазақтар емес, америкалықтардың өздері мазақ болатындығын қанша түсіндірсем де, ұқпай-ақ қойды. Оларды түсінемін, себебі қай елге барса да «Қазақстаннанмын» десе болды, жұрт қолдарын шошайтып күліп «Е-е-е, Борат па?!» дейді. Кейбір шәкірттерім қазір Парижде, Лондонда, Мәскеуде жұмыс істеп жүр,- дейді Хелмер.

«Washington Times» қазақ киногерлерінің әлі күнге «Боратпен» бәсекелесе алатын бірде-бір туынды түсіре алмағанын да түйреп өткен. Америкалық журналистердің пайымынша, қазір Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Мың бала» ғана «Борат»-тың бетін қайтаруы әбден мүмкін көрінеді.

- Үкімет Қазақстанның тарихын әйгілейтін киноэпопеяларға көлемді қаражат құйып көрген. Сондай жобалардың бірі «Көшпенділер» халықаралық прокатта оңбай сүрінді. Алайда, «Көшпенділер» қазақтың ақшасына жұмыс істеген шетелдік режиссерлердің өнімі екенін айта кеткен жөн. Ал 7 миллион доллар бюджеті бар «Мың бала»-ның артында қазақтардың командасы тұр. Осы фильм Қазақстанның киноиндустриясын халықаралық деңгейге шығарып, тіпті, Бораттың бейнесін өшіруі мүмкін, - дейді «Washington Times».

http://inform.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив