KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«МММ» пирамидасының жарнамасы ұялы телефондарға шыға бастады

17.05.2013, 18:00 128


«МММ» пирамидасының жарнамасы ұялы телефондарға шыға бастады. Ресейлік Сергей Мавроди негізін қалаған қаржы пирамидасы туралы жарнама еліміздегі «Beeline» мен «Tele-екі» абоненттерін пайдаланушыларға келген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«СМС» хабарламасы арқылы келген мәтінде «1994 жылдардағыдай бір айда өз қаржыңды еселе» деп жазылған.

Сөйтіп соңында Мавродидің ғаламтордағы web-парақшасына сілтеме беріледі. Жарнамалардың бірінде «Алғашқылардың бірі бол! Бір айда 100 пайыз үстеме!» деп жазылған. Әйтсе де, Қаржы полициясы Қазақстан азаматтарына қаржы пирамидасынан сақ болуды ескертеді.

Себебі, түптің түбінде бұл қалтадан қағылу деген сөз. Өйткені, ғаламтордағы мекен-жайда «салынған қаржының кері қайтатынына ешкім кепілдік бермейді» деп анық жазылған.

Алайда, еліміздің Қаржы полициясына «смс-хабарламаға» қатысты ешқандай да арыз түспеген.

Байрам АЗИЗОВ, «Кар-Тел» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Өкінішке қарай, Қазақстандағы біздің тұтынушыларымыз «спам» таратылымдар мен өздері қосылған хабарламалардың ара жігін ажырата алмайды. Біз қазір бәріміз де әлеуметтік желілерде отырамыз. Сөйтіп, өзіміздің жеке басымызға қатысты байланыс құралдары туралы мәліметтерді жария етіп жүреміз. Электрондық поштамыздың мекен-жайы мен телефон нөмірлерін қалдыратын әдетіміз де бар. Міне, осы мәліметтер базасын кейбір компаниялар өз пайдасына жарату үшін пайдаланады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив