KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Азық-түліктің сапасын қай жерде тексертіп алуға болады?

19.03.2012, 18:00 166


- Сатып алған азық-түліктің сапасын қалай тексертіп алуға болады және ол үшін қандай мекемелерге хабарласу қажет?

Салтанат Кеңесбаева

Өскемен

Сұраққа Қазақстан Республикасы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Ертөлеу Мешінбаев жауап береді:

– Біздің орталық азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін анықтаумен тікелей айналыспағанымен жекелеген жағдайда заңды не жеке тұлғалардың тапсырыс-тарына орай ақылы түрде сараптама жасап береді. Тек азық-түлік қана емес оған қоса парфюмерлік-косметикалық құралдарға, құрылыс материалдарына, халық тұтынатын басқа да тауарлардың сапасын, қауіпсіздігін, тағы басқа да бірқатар көрсеткіштерін анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Тексеруге алынған азық-түліктің не заттың төлемақысы бекітілген тиісті бағаға орай алынады. Яғни тексеруге алынатын ақы заттың бағасынан бірнеше есе қымбат болады. Тексеру уақыты азық-түліктің түріне қарай белгіленеді. (Ең ары дегенде 5-6 күн).
Сатып алған азық-түліктің сапасына, қауіпсіздігіне күмәніңіз туған жағдайда оны тексерту үшін сіз алдымен біздің мекемеге жазып, онда тексертетін затыңызды, сатып алған жеріңіз, көлемі, қандай мақсатқа (сапасына, қауіпсіздігіне) тексерткіңіз келетіні көрсетілуі керек.
Жалпы, дүкеннен не базардан сатып алған азық-түліктің сапасына, қауіпсіздігіне күдігіңіз болған жағдайда сіз алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына немесе техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасына, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлас-қаныңыз жөн.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив