KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

"Қазақ порносына жол жоқ!" дейді болашақтықтар

14.03.2012, 18:00 108


Қазақ порносына жол жоқ! «Болашақ" жастар қозғалысының өкілдері кеше осындай ұранмен тағы да көшеге шықты.

Олар қаракөз қыздардың қатысуымен түсірілген порнографиялық фильмдердің қара базарда еркін сатылып жатқанына алаңдаулы. Себебі «АГУ студенттерінің әуесқой түсірілімі» деген жазуы бар сегіз минуттық порнофильм студенттердің қалта телефоны арқылы таралып, табыс көзіне айналған. Бұл бассыздыққа жол бермес үшін, жастар қала базарларын аралап, «анамыздың ар намысын таптаған қазақ порносын сатпаңыздар» деген үнпарақтар таратты. Ал табылған дискілер көптің көзінше өртелді.

Ұялы телефонға түсірілген тексіз фильм осыдан біржарым жыл бұрын жарыққа шыққан. Жастар арасында зор сұранысқа ие болғаны соншалық бағасы да бірнеше есеге қымбаттап, Қазақстанның барлық қалаларына таралып үлгерген.

tv7.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив