KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Қазақстандық студенттер ДЦП дертіне шалдыққан бөбектерге жаттығу жасау сабақтарын бейнефильмге түсірді

9.09.2013, 18:00 53


Қазақстандық студенттер ДЦП дертіне шалдыққан бөбектерге жаттығу жасау сабақтарын бейнефильмге түсірді. Дискілер мен бүктемелер Қазақстанның барлық аймақтарында тегін таратылатын болады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі
Қазақстан баспасөз қлубының мәліметіне сілтеме жасап.

2012 жылы Австрияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер бірнеше қайырымдылық концертін берген болатын. Жиналған қаражатқа жастар ДЦП дертіне шалдыққан, 3-5 ай аралығындағы бөбектерге жаттығу жасау сабақтарын бейнефильмге түсіріп алды. Бұл осындай бүлдіршіндері бар ата-аналар үшін таптырмайтын әдістемелік құрал. Ата-аналарға осы сабақтар бойынша сәбилеріне үйде кәсіби жаттығулар жасау мүмкіндігі беріліп отыр. Австриялық дәрігерлердің көмегімен жазылған сабақтар қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Бейне әдістемелік қазақстандық невролог мамандардың тарапынан өте жоғары бағаға ие болды.

Дискілер мен бүктемелер Қазақстанның барлық аймақтарында тегін таратылатын болады. Сонымен қатар оны интернет арқылы тегін көшіріп алу да мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив