KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Мамыр айынан бастап «Қара киімділер» қазақша сөйлейді

23.04.2012, 18:00 192


http://torrent-films.net/uploads/posts/2012-03/thumbs/1331129678_bab34042d188.jpgИнтернетте танымал «Қара киімділер ІІІ» блогбастерінің қазақтілді трейлері шықты, деп хабарлайды «Болашақ» Қауымдастығының баспасөз қызметі.

2012 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласындағы Cinema Tone Production студиясында Sony Pictures компаниясының «Men in Black ІІІ» фильмінің үшінші бөлімін қазақ тіліне дубляждау жұмысы басталған болатын. Жаңа фильмнің қазақша атауы - «Қара киімділер 3». Қазақстанда фильм қазақ және орыс тілдерінде 24 мамыр күні көрсетіле бастайды.

«Қара киімділер III» - Sony Pictures студиясының кинотеатрларда көрсетіліп, Blu-Ray және DVD дисктерінде таратылуы үшін қазақ тіліне дубляжданған алғашқы фильм болмақ. Автордың түпкі ойын дәл жеткізу үшін фильмнің мәтіні ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылды.

Диалогтарды бейімдеу жұмысын Linguaserve компаниясының мамандары атқарды. Жобаның Бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» қоры.

Наурыз айының екінші жартысында Алматы қаласында дауыс сынақтары өткізілді. «Қара киімділер III» фильмінің бас кейіпкерлерін дыбыстайтын әртістерді Sony Pictures компаниясының Қазақстанға арнайы келген қызметкерлері бекітті. Дыбысты әлемдік стандарттарға сәйкес монтаждау үшін жазылған материал Лондон қаласындағы Shepperton студиясына жіберіледі.

«Уилл Смиттің жылдам сөйлеу мәнеріне шамасы келетін әртісті табу қиындыққа соқты. Көптеген сынақтардан кейін Sony Pictures өкілдері фильмнің бас кейіпкерін дыбыстау үшін Азамат Қанапияевті таңдады. Бұл міндетті тамаша орындай білген тек сол ғана болды», - деп мойындап отыр ұйымдастырушылар.

Сынақтан, сонымен қатар, Нышанбек Жұбанаев, Сәуле Турдахунова және басқа әртістер өтті. Қазақ дубляжының режиссері - "А-ға оралу", "Жүрегім менің - Астана" туындыларымен жұмыс істеген Әйгерім Оңалбек.

Естеріңізге сала кетейік, Голливудттық фильмдерді қазақ тіліне көркемдік дубляждау жобасына 2011 жылы Walt Disney студиясының "Көліктер 2" мультфильмі бастама болды. Жобаны жүзеге асырған - «Болашақ» Қауымдастығы, «Меломан» компаниясы. «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры демеушілік көмек көрсетті.

«Қара киімділер III» - 2012 жылы аса күтілетін премьералардың бірі, Жердегі өзге ғаламшарлықтардың қызметін реттейтін құпия ұйымның қызметкерлері туралы кассалық фильмдердің жалғасы. Екінші фильм осыдан он жыл бұрын шыққандыққан, барлық әлем көрермендерінің Уилл Смит пен Томми Ли Джонстың кейіпкерлерін сағынып үлгергеніне күмән жоқ. Комедия жанрында түсірілген бұл фильм достық, батылдық, өзара қолдау көрсету және адалдық секілді мәңгілік құндылықтарды насихаттайды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив