KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Қазақ халқына алғыс ретінде ескерткіш тұрғызылатын болады

13.03.2012, 18:00 114


Қазақ халқына алғыс ретінде ескерткіш тұрғызылатын болады. Бұл туралы ҚР Корей қауымдастығының жауапты хатшысы Зүлфия Темірғалиева мәлім етті.

Ескерткіш Алматы облысы, Үштөбе қаласының Бастөбе тауының етегінде бой көтермек. Бұл жер 1937 жылы Қиыр Шығыстан зорлықпен жер аударылған корейлердің түскен жері болып табылады. Биыл корейлердің Қазақстанда тұрып жатқанына 75 жыл болады.

Жер аударылған этностар атынан қазақ халқына алғыс ретінде тұрғызылатын ескерткіш биылғы жылдың 31 мамырында, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ашылады деп жоспарлануда.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив