KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Қаржы полициясының жаңа басшысы тағайындалды

11.03.2012, 18:00 286


ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі төрағасының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі қаржы

полициясы басшысының қызметіне қаржы полициясы полковнигі Бәделхан Қамалханұлы тағайындалды.

Бәделхан Қамалханұлы Семей облысының Ақсуат ауданында 1960 жылы 16 сәуірде дүниеге келді. 1996 жылы заңгер мамандығы бойынша С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. 1990 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Өзінің еңбек жолын Алматы облыстық атқару комитеті ІІБ Қаскелең аудандық атқару комитеті ІІБ-де Социалистік меншікті талан-таражға салуға қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі қызметінен бастады. Алматы облысының Жамбыл ауданында ІІО экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің басшысы болған, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және кадр басқармасы лауазымдық қылмыс басқармасы басшының орынбасары болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, ол Жамбыл облысы ІІБ 9-шы басқармасының басшысы, Қызылорда, Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Көліктегі ІІД-де жұмыс жасаған. Осы қызметке келмес бұрын ҚР-дағы Интерпол Ұлттық орталық бюросының басшысы болған.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив