KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Миллиардерлердің саны бойынша Мәскеу әлемдегі ең алғашқы қала

10.03.2012, 18:00 103


Әлемдегі миллиардерлердің көбісі Мәскеуде тұрады. Биыл бұл көрсеткіш бойынша Ресей астанасы Нью-Йорк және Лондон қалаларын шаң қаптырып, көш бастап тұр.

Атақты американдық «Форбс» журналы мәлім еткендей, әлемдегі ең бай адамдардың тізімі бойынша Ресей астанасында 78 адам, Нью-Йоркта 58 адам және Лондонда 39 адам тұрады.

Дегенмен «Форбс» журналының мәліметіне сүйенсек, ең көп миллиардер - 425 адам АҚШ-та өмір сүреді екен. Ресей бұл көрсеткіш бойынша екінші орынды иеленді, бұнда тұратын бақуатты адамдардың саны 96. Және де Қытай 95 адаммен үшінші орынға табан тіреген. Айта кетейік, бұл рейтингке 58 ел кірді.

Аталмыш журналдың мәліметіне сәйкес, әлемдегі ең бай адам мексикалық медиамагнат Карлос Слим атанды.

Әлемдегі ең бай адамдардың екінші қатарында «Майкрософтың» негізін салушысы Билл Гейтс орналасты. Ол өткен жылмен салыстырғанда дәулетін 5 млрд. долларға көбейткен. Сөйтіп өзінің әл-ауқатын 61 млрд. долларға жеткізген. 3 жыл қатарынан олжалылардың ішінде америкалық инвестор Уоррен Баффест 44 млрд. доллар қаражатымен «қола» жүлдегер атанды.

Тау-кен металлургиялық «Металлоинвест» холдингінің иесі Алишер Усманов РФ-ның ең бай азаматы. Форбстың мәліметі бойынша, оның дәулеті 18,1 млрд. долларды құрайды (28 орын).

Бай адамдардың дәулеті бойынша жасалған бұл тізімге 104 әйел кірді. Нәзік жандылардың арасында әлемдегі ең ірі бөлшектеп сату дүкені «Уолл-март» империясының мұрагері Кристи Уолтон 7 рет ең бай әйел атанып отыр. Ол 25,3 млрд. долларға ие (11 орын).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы әлемдегі ең ірі құрыш компаниясының иесі үнділік Лакшми Миттал 10,4 млрд. доллар қаражатынан айырылды.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінің басшысы 27 жастағы Марк Цукерберг биыл 17,5 млрд. долларымен 35-ші орынға жайғасты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 13,5 млрд. теңгені құраған болатын.

2012 жылы әлемдегі ең бай адамдардың тізімі рекордтық 1226 адамға жетті. «Форбс» журналының мәліметі бойынша, олардың жалпы дәулеті 4,6 трлн. долларды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 100 миллардқа артық.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив