KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Әлемдегі ең жас миллиардерлер белгілі болды

14.03.2012, 18:00 107


Forbes әлемдегі ең жас миллиардерлердің тізімін жариялады. Сонымен, әлемдегі ең жас миллиардер 27 жасар Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг.

Басылымның мәлімдеуінше, оның байлығы 17,5 миллиард доллар. Екінші орында колумбия магнатының ұлы Алехандро Санто Доминго. Оның ақшасы 9 жарым млрд доллар. Үздік үштікті толықтырған азиялық 35 жасар Йошикацу Танака, оның ақшасы 4 миллиардтан астам.

Одан кейінгі орында 2,1 млрд. доллардың иесі Шон Паркер. Ол бұрын Facebook-тың президенті міндетін атқарған, ал қазір венчурлық инвестициямен айналысады.

Одан кейінгі орынды 30 жасар әйел-миллиардер Ян Хуэйянь алып отыр. Оған бай әкесі өлерінде 4,5 миллиард доллар қалдырып кеткен екен.

Бұл тізімге сондай-ақ, патша тұқымы да еніп отыр. Турн унд патша әулетінің мұрагері 28 жасар Таксис Альбер 1,5 млрд. доллардың иесі атанып отыр. Қазір ханзада Альбер бизнеспен емес, кәсіби жарыспен айналысады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив