KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Әйел күлімдесе, әлем нұрға бөленеді

6.03.2012, 18:00 173


...Айға сіңілі, карындассың қасиетті жерге сен,
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен, – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген «әйел», «ана» сөздері әрбіріміздің көз алдымызға аяулы бейнелерді тудыратыны сөзсіз. Отбасының ұйтқысы, қоғамның тірегіне айналған асыл жандарды кеше облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ құттықтап, «әйел басқаратын ең үздік ұйым» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Көптен күткен күлімкөз көктеммен бірге Жер-Ана бусанып жатқан шағында әйелдердің төл мерекесін тойлайтынымыз қандай керемет. Көктеммен бірге құлпыра түскен нәзік жандылар салтанатты шараның сәнін кіргізіп «сұлулық әлемді құтқарады деген» қағиданы тағы бір мәрте дәлелдеді.
– Құрметті арулар, мемлекетіміздің әлеу-меттік, экономикалық, саяси дамуы ең әуелі сіздерге байланысты. Әрбір ұлттың рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған да сіздер. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Отанның, оның ішінде отбасының негізгі ұйтқысына айналған сіздер адам баласына өмір сыйлап, оларды тәрбиелейсіздер. Бұл - ұлы іс. Біздер, азаматтар, сіздердің алдары-ңызда әрқашан бас иеміз, – деді облыс басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, нәзік жандылардың табиғат-ана сыйлаған қасиетін айта келе, олардың қай кезеңде болмасын ертеңгі ұрпаққа үлгі көр-сетіп келе жатқандығын да атап өтті. Кешегі Ұлы Отан соғысының жеңісіне де нәзік жан-дылар аз үлес қосқан жоқ. Әлия, Мәншүк сынды апаларымыз қазақтың есімін әлемге танытса, солардың соңынан ерген сіңлілері Бибігүл мен Роза сынды қазақтың қыздары ел мақтанышына айналып жүр.
Облыс экономикасының дамуына да әйелдер ат салысуда. Ауыл, аудан әкім-дерінің 20 пайызын әйелдер құрайды екен, денсаулық сақтау, білім беру саласында қызмет ететіндердің 80 пайызы нәзік жандылар.
Бүгінгі таңда қоғамдағы әйелдердің рөлі өзекті тақырыптардың бірі. Еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-эконо-микалық дамуына белсене араласып, демо-графиялық ахуалымызды жақсартуға үлес қосып жүрген нәзік жандылар қаншама. Олар отбасында – аяулы да қамқор – ана, сүйікті жар, қызметте – беделді басшы.
Осындай жүкті белдері қайыспай көтеріп жүрген арулар қандай марапатқа, қандай құрметке болса да лайық. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың гендерлік саясат орталығы беделді басшы, аяулы аналарға арнап байқау жариялаған болатын. Байқауға облысымыздың әйел басқаратын 32 ұйымы қатысыпты. Солардың онын кеше облыс басшысы марапаттады.
Марапатқа ие болғандардың арасында Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің директоры Альмира Дүсіпова, І.Айтықов атындағы Ұлан ауданы, Тарғын ауылының мектеп директоры Сәуле Нұрсейітова, «Об-лыстық балалар және жасөспірімдер кітап-ханасының» бөлім меңгерушісі Эльмира Шағыраева, «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Зарина Камасова бар.
Шара барысында өткен Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауында «Нұр Отан» ХДП сайлауалды кампаниясында азаматтық белсенділік танытқан бір топ әйелдер қауымы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталды.
– Мен әйел адамның қоғамдағы рөлін шынайы бағалап, оларға үнемі қолдау көрсетіп отырған ел саясатына, мемлекет басшысына үлкен алғысымды білдіремін. Облысымыздың барша нәзік жандылар қауымына шын жүректен отбасыларына бақыт пен береке, шаттық тілеймін. Әйел күліп жүрген отбасы бақытты деп есептей-мін. Сол бақыттың негізі балаларыңыз аман болсын, Алла сіздерді ер-азаматтардың қолдауынан айырмасын, – деп жылы лебізін білдірді Ұлан аудандық ауылшаруашылығы колледжінің директоры, Алғыс хат иесінің бірі Нұршат Абдуллина.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив