KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Назарбаев: Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін

19.06.2016, 18:00 240




Петербургте өтіп жатқан 20-шы Халықаралық экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа "болашақта Қазақстанды әйел адам басқара ала ма?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесудің модераторы, CNN жүргізушісі Фарид Закария АҚШ-тағы алдағы сайлауды айта отырып, Қазақстан Президентіне сұрақ қойды.

"Америка АҚШ-ты әйел президент басқаратын жағдайға дайын ба? Мен сіздің премьер-министрдің орынбасары қызметіне әйел адамды қойғаныңызға назар аударып отырмын. Қазақстанды әйел президент басқаруы мүмкін деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады кездесу модераторы Нұрсұлтан Назарбаевтан.

"Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп кім айтты? Әбден мүмкін. Қазақстанда халықтың 51 пайызы - әйелдер. Гендерлік саясат қалыпты дамып жатыр. Парламенттегілердің 30 пайызы - әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше әйел бар. Сондықтан әбден мүмкін, соған дайындалған әйелдер де бар. Үш қызым бар, сондықтан мен әйелдерге ерекше көзқарастағы адаммын", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив