KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
444.14 477.05 4.85

Атырау облысы су астында қалуы мүмкін

6.03.2012, 18:00 175


ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында Атырау облысы мен БҚО-ның оңтүстік аймақтарына су басу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.

«Жамбыл облысында осы түні таудан аққа су көлемінің көптігіне байланысты 30 үйдің ауласына су келді. Қазір онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Божко.

Ол сондай-ақ қар қорының қалыңдығына байланысты су басу қаупі Атырау облысына да төніп тұрғанын мәлімдеді.

«Біз ол жақты қадағалап отырмыз. Бақылау БҚО-ның оңтүстігі мен Атырау облысындағы өзендермен байланысты. Қазір барлық ауылдар мен қалаларды босату, сондай-ақ су ағынын бұру үшінқосымша инженерлік құрал-жабдықтар құру бойынша барлық тиісті шаралар қолданылуда», деді ТЖМ басшысы.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив