KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде электр сымын ұрлап келген күдікті құрықталды

5.03.2012, 18:00 148


Өскеменде бұрын бірнеше рет қылмыс жасаған ер адам 8 күн бойы ұрлық жасап жүрген. Азаматтың олжасы - 574 метрлік күш беретін электр сымы, яғни 700 мың теңгеге шығын келтірілген.

Өскемен қаласының тұрғындары ұрыдан сегіз рет зардап шеккен, - деп «Лифтэк» фирмасының директоры Асхат Нурушев мәлімдеді. Ер адам заңсыз жеделсаты шахтасына кіріп, электр сымдарын кесіп алып отырған Тұрғындар, әсіресе қарттар мен мүгедектер 8-10 қабатқа шығуға қиналған.

Күдікті айғақ қалдырмай келген; тек түнде немесе таңертең ерте ұрлап отырған. Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті қолға түсті. Ол алдында да сотталған қала тұрғыны болып шықты; бірнеше рет қылмыстық іске қатысы болғаны анықталды: ұрлық, есірткіні тарату және пайдалану сияқты жазаға тартылған.

Айта кету керек, аталмыш шара барысында «Лифтэк» директоры ұрыны ұстаған адамға 50 мың теңге сыйақы берілетінін хабарлаған. Бір-екі күн ішінде полицейлер ұрыны құрықтады.

Фирма директоры Үлбі полиция басқармасына келіп, салтанатты түрде «ақ конвертті» Үлбі полиция басқармасының қызметкері Руслан Кошкиншиновқа тапсырды.

gazeta.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив