KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде ұрылар бір түнің ішінде алты көліктің аккумуляторын алып кеткен

18.05.2018, 06:14 101

Өскеменде бір түннің ішінде 6 автомобильдің аккумуляторын ұрлап кеткен әккі ұры қолға түсті деп хабарлайды Алтайньюс.


Оқиға 13 мамырдан 14 мамырға қараған түні болған. Алдымен Серікбаев көшесінде тұрған «ГАЗ» маркалы автомобильдің есігін ақырын ашып алған ұры көліктің ішінен ештеңе таппаған соң, оның аккумуляторын шешеді. Одан кейін де тоқтамай Потанин көшесіндегі жигулиді де тура осылай тонаған. Дәл осы тәсіл арқылы ол бір түннің ішінде сигнализациясы жоқ тағы төрт көліктің аккумуляторын ұрлайды.


Шығынның жалпы құны 100 мың теңгені құраған. Таңертең көліктерін оталдыра алмаған тұрғындар полицияға шағымданады.


-Жедел іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті бірден қолға түсті. Ол 21 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттардың біразын ол метелл сынықтарын өткізетін жерге тапсырып үлгерген,-дейді қалалық ІІБ баспрасөз қызметі.


Күдікті  қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив