KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Ана бір жігіттің шаруасын ыңғайлай салыңдаршы

4.03.2012, 18:00 193


Әзекеңнің «Қалғұты» совхозында директор кезі болса керек. Бірде қасында үш-төрт жігіті бар, «Уазикпен» Өскеменнен қайтып келе жатады. Тарғын ауылына жеткенде жол шетіндегі шағын дүкеннің алды қарақұрым адам, қырғын кезек екенін көреді. Сөйтсе, дүкенге арақ түсіп, екі шөлмектен ғана беріп жатыр екен. Горбачевтың тарықтырып қойған тапшы кезеңі емес пе, жігіттер «Әзеке, артистігіңіз бар еді ғой, екі-үш шөлмектің ретін тапсаңызшы, біз де аздап көңіл көтерейік» деп қолқа салады. Ойына бір қулық түсе қалған Әзімжан галстугін сірестіре тағып, папкісін қолтыққа қысып, дүкенге беттейді.
- Қанеки, жол беріңіздер! - деп зірк еткенде, кезекте иін-тіресіп тұрған жұрт еріксіз ығысып, ортадан жол аша берген екен. Әзекең ішке кіріп, айналасын қату қабақпен шолып біраз тұрады да:
- Кісі көп екен, доғарып қойғанымыз дұрыс болмас. Ревизияға таңертең бірақ кірісейік, - дейді барынша маңызды түрмен. Кезектегі жұрт: «Ойбай, сөйтіңізші, онсыз да неше сағаттан бері тұрмыз» деп шу ете қалады.
- Жарайды ендеше, ана бір жігіттің шаруасын ыңғайлай салыңдаршы, - деп «ревизор» сатушыға серіктерінің бірін нұсқайды да есікке беттейді. Іле-шала кірген әлгі жолдасы қат сусынды қажетінше алып шығыпты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив