KZ
Өскемен
+14°
туман жел 1 м/с, СБ
450.79 482.21 5.05

Жұрт Тақыр деп жүр ғой

12.03.2012, 18:00 231


- Біздің Топтеректе Қазбек деген бір ат қойғыш ақсақал болды, - деп еске алады Әзімжан Мықтыбайұлы, - кез келген адамды бір көргеннен ат қоя салатын еді. Аузының дуалылығы сондай, қойған аты сол күйі ел аузына ілініп, жария болып кететін.
Бір жылы ауылымызға басқа жақтан бір жас жігіт мал дәрігері болып келді. Сол бірде Қабақтан Топтерекке дейін әлгі Қазбек шалдың шанасымен жетсе керек. Жолда жаңа ветврач: «Ата, осы сіз керемет ат қойғыш дейді ғой. Маған ат қойған жоқсыз ба?» деп сұрайды. Қазекең «Баламдай кісіде нем бар, шырағым, ат қойғаның не?» деп қажырта жауап береді. «Ал жұрт мен туралы не айтады?» деп қызу жігіт болмайды. Сонда ақсақал түк білмеген адамша:
- Қайдан білейін, шырағым, жұрт Тақыр деп жүр ғой, - деген екен. Әлгі жігіт сол күннен бастап Тақыр атанып кетіпті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив