KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Жаңа жинақ жарыққа шықты

4.03.2012, 18:00 120


Жақында Семейде жеке кәсіпкер Қ.Әзер-баеваның баспаханасынан Абай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен «Жастықтың оты жалындап» атты жастардың жыр жинағы жарық көрді.


Жинаққа бұрын танымал болған жас ақындармен қатар өлең өлкесіне жаңадан қанат қаққан жас талапкерлердің туған ел, өскен жер, тәуелсіз еліміз жайында жазған балауса жырлары еніп отыр.
Кітаптың алғы сөзінде аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков жас ақындарға ақжол тілесе, белгілі ақын, жастардың тәлімгері Т.Жанғалиев ақындық Алланың сыйы деп өлең шумақтарымен тілегін жеткізіпті.
Жинақта жарияланған А.Имантаев, Ұ.Сағадиев, Д.Аюбаев, Н.Байтөсов, А.Шеризатов сияқты жас ақындардың жастық қайрат пен жылы жүректен туған қуатты жырларын сүйсіне оқисың.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив