KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Ұлан ауданында егіс алқабы кеңейеді

12.04.2018, 06:34 170

Аудан әкімінің отырысында Азовое, Өскемен ауылдық округтерінің көктемгі егіс науқанына дайындығы пысықталды. Биыл ауданның егіс алқабын өткен жылғыдан бес мың гектарға кеңейту жоспарланған.


Жалпы 125 мың гектар жерге егін егілмек, оның басым бөлігі дәнді дақылдар болады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ерлан Шораяқовтың айтуынша, ауданның кейбір жерлерінде топырақтың құнары төмендеп кеткен. Сондықтан минералды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану күн тәртібінде тұрған мәселе. Осыған орай, ауылшаруашылық құрылымдарын қолдау мақсатында қажетті тыңайтқыштарға субсидия алу мәселесі қарастырылып, 496 тонна тыңайтқышқа тапсырыс берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив