KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Кемеліне келіп, кемерінен аспаған

21.02.2019, 15:32 92

Ұлы замандасымыз, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдады. Тосыннан гөрі, толғағы жеткен мәселе деп қабылдадым өзім.


Халықтың жайы, халықтың қамы, халықтың мұңын ойлағаннан туған уақытылы ұсыныс. Елбасының көрегендігі, ұлылығы осында жатыр!

Президент елді жаңғырту мен ұлтты ұйыстырудың нақты тетіктерін, даму даңғылымыз бен болашақ бағдарымызды айқындап отырады. Ілгерілеу бар. Бүгініміз де баянды...

Алайда, алпауыттармен «алысып», үздіктер арасында, озаттармен табысуымыз үшін, бүгінімізге шүкірлік айтып, тоқмейілсу дұрыс болмас. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын нық қадамдар керек бізге. Бар резервтер іске жарау керек.

Сонда ғана берекелі ел, байтақ жер, бағаналы ордамыз баянды болмақ.


Үкіметтің жаңа құрамы Елбасы мәлімдемесінен қорытынды шығарып, өмір сүру деңгейін арттыруға, экономиканы ынталандыруға, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар қабылдайды деп сенемін.

Іс оңға бассын!


Амантай Доғалақов,

Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив