KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.57 526.91 5.4

«Гарри Поттер» авторы ересектерге арналған кітап жазады

23.02.2012, 18:00 98


Сиқыршы Гарри Поттер туралы кітаптар сериясының авторы Джоан Роулинг ересек аудиторияға арналған кітап жазу жөнінде Little, Brown and Company баспасымен келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады.
Кітаптың атауы мен басты тақырыбы, сондай-ақ оның шығу мерзімі әзірге айтылмай отыр. Баспа таратқан хабарламада жазушының жаңа туындысы «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясынан мүлде өзгеше» болатындығы атап көрсетілген.

Роулингтің «Гарри Поттер және философиялық тас» атты алғашқы кітабы 1997 жылы шығып, сол сериядағы соңғы кітап 2007 жылы жарыққа шыққан болатын.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив